2025 жылғы 24-27 маусым аралығында Кипрдің Ларнака қаласында Атом саласында жұмыс істейтін әйелдердің Орталық Азия желісінің жыл сайынғы алғашқы кездесуі өтті. Кездесуді АҚШ Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік әкімшілігі Халықаралық ядролық қауіпсіздік басқармасының (DOE/NNSA) және Лос-Аламос ұлттық зертханасының қолдауымен Монтерей халықаралық зерттеулер институтының Джеймс Мартин атындағы таратпау саласындағы зерттеулер орталығы ұйымдастырды. Желінің жұмыс кеңесі Кипрдің Құрлықтағы, ашық теңіздегі және теңіз порттарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі оқу орталығының (CYCLOPS) базасында өткізілді.
Атом саласында жұмыс істейтін әйелдердің Орталық Азия желісінің жыл сайынғы алғашқы кездесуіне Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан өкілдері, сондай-ақ АҚШ, Ұлыбритания, Ливан, АЭХА (МАГАТЭ), Дүниежүзілік Ядролық қауіпсіздік жөніндегі институт, ХҒТО сарапшылары (30-дан астам қатысушы) қатысты. Ядролық физика институты атынан Атом саласында жұмыс істейтін әйелдердің Орталық Азия желісінің жыл сайынғы алғашқы кездесуіне Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығының бастығы Наталья Измайлова қатысты.
Талқылау барысында 2023 жылы ашылған сәттен бастап Желінің жүзеге асырған жұмыстары мен жетістіктері, оның тұрақты даму стратегиясы және ілгерілеу мәселелері қарастырылды. Өңірлік және халықаралық сарапшылар ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік саласындағы қызмет және онымен байланысты салалар бойынша таныстыру баяндамаларын жасады. Орталық Азиядан келген қатысушылар ядролық энергетиканы дамытудың негізгі аспектілері, соның ішінде соңғы өңірлік жетістіктер, болашақ қажеттіліктер, сонымен қатар аймақтағы жаңа ядролық энергетика бағдарламалары алдында тұрған проблемалар туралы презентацияларын таныстырды. ЯФИ ЯҚОО бастығы Н. Измайлова қатысушылар назарына «Қазақстандық Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында персоналды даярлау» тақырыбында презентация ұсынды.
Кездесудің соңғы күнінде CYCLOPS Оқу орталығында қол жетімді практикалық сабақтарға арналған түрлі оқыту алаңдары, сондай-ақ радиацияны анықтауға арналған әртүрлі мобильді жабдықтар көрсетілді.