Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау

2026 жылғы 3-7 тамыз аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы (ЯҚОО) қазақстандық мамандарды ядролық материалдарды есепке алу және бақылау негіздері бойынша оқытуды өткізді.

Курстың мақсаты – ядролық материалдарды есепке алу және бақылау жүйесін құрудың негізгі қағидаларын оқыту, жүйенің базалық элементтерімен, жүйені басқаруды таныстыру. Оқыту барысында ядролық физикалық қауіпсіздік режимін қамтамасыз ету, Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасының талаптары мен АЭХА ұсынымдары, ядролық материалдарды есепке алу, бақылау және физикалық қорғау жүйелерінің өзара әрекеттесу мәселелері қозғалды. ЯҚОО нұсқаушылары теориялық, практикалық және көрсетілімділік сабақтарын жүргізіп, Орталықтың үй-жайларымен және оқу-жаттығу полигонымен таныстыру турын өткізді. Сондай-ақ, оқу курсының тыңдаушылары үшін ССР-Қ зерттеу реакторына бару туры ұйымдастырылды.

Оқыту қорытындылары бойынша «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ уран өндіруші кәсіпорындарының ядролық материалдарды есепке алу мен бақылауға жауапты 9 маманы курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.