2025 жылғы 24-28 қарашада аралығында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында қондырғылар деңгейінде ядролық материалдарды есепке алу ақпараттық жүйесінің әкімшілері мен пайдаланушылары үшін семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинар АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қатерді азайту жөніндегі агенттігінің «Қауіпті бірлесіп азайту» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылды.
Семинар мақсаты – ядролық қондырғылардағы ядролық материалдарды есепке алу рәсімдеріне арналған ақпараттық жүйенің толық цикліне тестілеу жүргізу, сондай-ақ мұрағаттық деректерді тасымалдау модулін әзірлеуге қойылатын техникалық талаптарды талқылау және келісу.
Семинарға АҚБК, ЯФИ, ҰЯО, ҮМЗ, Үлбі-ЖБЖ, МАЭК атынан 11 қазақстандық маман қатысты. Ақпараттық жүйе ЯҚОО оқу серверінде орнатылды, әрбір қатысушы жеке ноутбукта программалық жасақтаманы сынақтан өткізді. Әзірлеушілер тестілеуді өткізу процесі үшін ақпараттық жүйеге тіркеу мен кірудің, ЯМ түгендеу бойынша деректерді енгізудің, өзгертудің, түзетудің, қорытынды есепті дайындаудың және мемлекеттік органға жіберудің бастапқы үдерісін қамтитын практикалық жаттығулар дайындады. Архивтік деректерді тасымалдау модуліне қойылатын техникалық талаптарды талқылағаннан кейін, деректерді жүктеу бойынша интерфейс макетінің ұсынылған нұсқасы модельдік архивтік деректерді сынақтан өткізді.
Ақпараттық жүйені тестілеу нәтижелері бойынша бағдарламаға келісілген өзгерістер мен толықтырулардың тізімі дайындалды.