2026 жылғы 1-5 маусым аралығында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында қондырғылар деңгейінде ядролық материалдарды есепке алу ақпараттық жүйесінің пайдаланушылары үшін семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинар АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қатерді азайту жөніндегі агенттігінің «Қауіпті бірлесіп азайту» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты-әзірленген архивтік деректерді тасымалдау модулін қоса алғанда, ядролық қондырғылардағы ядролық материалдарды есепке алу рәсімдеріне арналған ақпараттық жүйенің жұмыс істеуінің толық цикліне тестілеу жүргізу, сондай-ақ қазақстандық "Самғау"компаниясының мамандары орындайтын бағдарламаны кепілдікті техникалық сүйемелдеу мәселелерін талқылау.
Семинарға АҚБК, ЯФИ, ҰЯО, ҮМЗ, МАЭК атынан 11 қазақстандық маман қатысты. Ақпараттық жүйе ЯҚОО оқу серверінде орнатылды, әрбір қатысушы жеке ноутбукта программалық жасақтаманы сынақтан өткізді. Әзірлеушілер тестілеуді өткізу процесі үшін ақпараттық жүйеге тіркеу мен кірудің, ЯМ түгендеу бойынша деректерді енгізудің, өзгертудің, түзетудің, қорытынды есепті дайындаудың және мемлекеттік органға жіберудің бастапқы үдерісін қамтитын практикалық жаттығулар дайындады. Архивтік деректерді тасымалдау модулін тестілеу барысында жүктелетін файлдардағы ықтимал қателер және оларды жою жолдары талқыланды.
Ақпараттық жүйені тестілеу нәтижелері бойынша бағдарламаға келісілген өзгерістер мен толықтырулардың тізімі дайындалды.