2023 жылдың 24-28 сәуір аралығында «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ уран өндіруші кәсіпорындарының мамандары үшін ЯФИ Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы «Ядролық материалдар мен қондырғыларды физикалық қорғау негіздері» оқыту курсын өткізді. Курстың мақсаты – объектіде физикалық қорғау жүйелерін құрудың негізгі қағидаларына оқыту, жүйенің негізгі элементтерімен таныстыру. Нұсқаушылар физикалық қорғау жүйелерін жобалау, орнату, техникалық қызмет көрсету негіздері бойынша, тасымалдау кезінде материалды қорғау бойынша, тексерулер мен функционалдық сынақтар жүргізу бойынша теориялық және тәжірибе сабақтарын өткізді. Курс аясында тыңдаушылар үшін ЯҚОО оқыту қондырғылары бойынша таныстыру туры өткізілді, сондай-ақ реакторға бару ұйымдастырылды. Тестілеу қорытындысы бойынша 11 маман курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды.