Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық криминилистикадан оқу курсы өтуде

2023 жылдың 27 наурызында Ядролық физика институтының Ядролық қауіпсіздік бойынша оқу орталығында «Реттеуші бақылаудан тыс ядролық және басқа радиоактивті материалдар: ядролық сот сараптамасының рөлі» атты оқу курсы басталды. Курсты ұйымдастырушылар Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (Магатэ) мен ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті.

Оқу курсының ашылуында Ядролық физика институының бас директоры Саябек Сахиев қатысушыларға сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді

— Оқу курсын ұйымдастырған, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігіне, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне және ЯФИ қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.Қатысушыларға сәттілік тілеймін. Ядролық қауіпсіздік бойынша оқу орталығы атом қуаты халықарлық агенттігінің қолдауымен ашылған үшінші оқу орталық.Келесі жылы ЯФИ-де ядролық криминалистика жөніндегі орталық ашу жоспарда бар.

Сондай-ақ АЭҚБК өкілі Тыштықбаев Баймұрат курстың ұзақ уақыт бойы жоспарланып енді ғана жүзеге асырылғанынына мүмкіндік болып, ұйымдастыруды қолдағандарға алғысын білдірді.

Жалпы оқу курсына 14 адам қатысуда. Оларға Қазақстан, Молдавия, Румыниядан келген оқытушы-нұсқаушылар «Ядролық сараптаманың негізгі мүмкіндіктері», «Ядролық сот медициналық әлеуетін дамыту» т.б тақырыптарда дәріс оқып, практикалық жұмыстар жүргізетін болады. Оқу курсы 31 наурызға дейін жалғасады.

Айта кетелік, Ядролық криминалистика құқық қорғау органдарының тергеулері контекстінде осы материалдардың шығу тегі мен тарихын анықтау немесе ядролық қауіпсіздіктің осал тұстарын бағалау үшін аналитикалық әдістерді пайдалана отырып, ядролық және басқа радиоактивті материалдарды зерттеумен айналысады.