2025 жылдың 7–11 сәуір аралығында ЯФИ Ядролық қауіпсіздік оқу орталығы базасында «Иесіз радиоактивті көздерді іздеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өткізілді. Оқыту Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық аясында АҚШ Энергетика министрлігінің Ядролық қауіпсіздік ұлттық басқармасының Радиологиялық қауіпсіздік кеңсесімен ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – иесіз көздерді іздеуді жоспарлау, іздеу жұмыстарын басқару, радиацияны анықтайтын аспаптармен жұмыс істеу дағдыларын арттыру, сондай-ақ иесіз радиоактивті көздерді іздеу рәсімдерімен таныстыру.
Семинар Қазақстанның мемлекеттік органдары мен атом саласындағы кәсіпорындарының басшылары мен мамандарына арналды. Оқыту аясында иесіз радиоактивті көздерді іздеуді ұйымдастыру мен жүргізудің стандартты рәсімдері, іздеуге дайындық (жоспар құру, іздеу топтарын жасақтау, жабдықты дайындау және орау), іздеуді оңтайландыру, іздеу жұмыстарын жүргізу және есеп беру мәселелері қарастырылды. Семинар барысында көздерді іздеуге арналған теориялық және практикалық далалық сабақтар өткізілді.
Семинардың қорытынды күні Институтқа радиациялық бақылау жабдығы өтеусіз негізде табысталды.