Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық физика медицинада

Медицинада ядролық физиканың әдістері мен технологиялары маңызды рөл атқарады. Ядролық технологиялар тіпті онкологияны емдеуде кеңінен қолданылады. Әртүрлі мемлекеттер құрамында радиоактивті изотоптар (радионуклидтер) арнайы радиофармацевтикалық препараттарды шығарып келеді. Олар операциясыз ісіктерді, метастаздарды және олардың диагностикасын, сондай-ақ эндокринологияда қалқанша безінің ауруларын емдеу үшін қолданылады.

Өз кезегінде, өткен жылдан бастап ҚР ЭМ “Ядролық физика институты” РМК қалқанша без ауруларын, оның ішінде қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеуге арналған радиофармацевтикалық натрий йодидін (131I) шығаруда. Препарат Семей қаласындағы Ядролық медицина және онкология орталығында науқастарды емдеу үшін қолданылады. Препарат қоршаған тіндерді сақтай отырып, рак клеткаларын жояды. ЯФИ-да радиофармацевтикалық препараттарды өндіру тарихы 1986 жылдан басталады. Дәл сол жылдан бастап миокард инфарктісін ерте диагностикалауға арналған таллий-201 изотопы бар препараттың КСРО-да алғашқы өндірісі ұйымдастырылды.