Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық физика институтының жас ғалымдары баспана алу сертификатына ие болды

Бүгін Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы аясында Ядролық физика институтының жас ғалымдары Алматы қаласынан пәтер сертификатына ие болды.

Ғарыштық сәулелер физикасы зертханасының кіші ғылыми қызметкері Досбол Байғарашев пен Ядролық үдерістер зертханасының кіші ғылыми қызметкері Талғат Исатаевқа сертификатты ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыс етті.

Бұл – Институттың ғылыми қызметкерлеріне берілген үшінші сертификат.

Жас ғалымдарымызды құттықтай отырып, еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріңізге табыс, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз! Жаңа шаңырақтарыңыз құтты болсын!