Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық физика институтының Ақсай филиалына 25 жыл

14 шілдеде Ақсай қаласында Ядролық физика институтының Ақсай филиалының 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Шараға Институттың бас директоры Саябек Сахиев бастаған қаржы және кадр қызметтерінің басшылары, бас инженер және кешенді экологиялық зерттеулер орталығының қызметкерлері құрамындағы делегация қатысты. Ядролық физика институтының Ақсай филиалы 1998 жылы Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында (ҚМГККО) институт жұмысының басталуына байланысты құрылды. Ақсай филиалының инфрақұрылымы мен техникалық жарақтандырылуы ядролық физика және радиациялық зерттеулер, экология, физика-химиялық талдау салаларындағы кең ауқымды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Филиал қызметінің басым міндеттері радиациялық жағдай туралы тұрақты сенімді ақпарат алу, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және «ЛИРА» объектілерінің қоршаған ортаға және ҚМГККО мұнай-газ операцияларына әсер ету тәуекелдерін азайту болып табылады. Іс-шара барысында бас директор Институт қызметкерлерінің ғылыми және жарияланымдық жетістіктерімен және мега-сайнс жобаларымен бөлісті. Ақсай филиалының директоры Владимир Навозенко филиалдың құрылуы, оның дамуы, ағымдағы міндеттері және оның даму стратегиясы туралы тарихи экскурсия ұсынды. Ақсай филиалының дамуы мен өркендеуіндегі адал еңбегі үшін 15 қызметкер «25 жыл» медалімен және 9 қызметкер алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, салтанатты рәсімде филиал серіктестерімен қатар Қарашығанақ мұнай - газ конденсаты кен орны операторы- КПО компаниясының, ҚазИТУ университетінің өкілдері, "Внипипромтехнология" АҚ жобалау институтының «ЛИРА» объектілері жобасын әзірлеушілерінің өкілдері мерейтойлық медальмен марапатталды.