Ядролық физика институтының делегациясы Дубна қаласында жұмыс сапарымен болып, Біріккен ядролық зерттеулер институтының зертханаларымен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.
27 қараша күні Ядролық реакциялар зертханасында директор Сергей Сидорчук және ғылыми жетекшінің орынбасары Михаил Иткиссің қатысуымен кездесу өтті.
Тараптар үдеткіш кешендерін жаңғырту, қазақстандық мамандардың ғылыми бағдарламаларға қатысуы және бірлескен жобалардың перспективаларын талқылады.
Институттың бас директоры Саябек Сахиев ынтымақтастықтың басым бағыттарын таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен жұмыс жүргізу және 2026 жылы БЯЗИ-дің 70 жылдығы мен Ядролық физика институты Астана филиалының 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасында БЯЗИ күндерін өткізу туралы келісім жасалды.
Сонымен қатар делегация Нейтрондық физика зертханасының директоры Егор Лычагин және оның орынбасарлары Сергей Куликов пен Бағдәулет Мұхаметұлымен кездесті. Талқылаудың негізгі тақырыбы нейтрондардың шашырауы бағытындағы бірлескен зерттеулерді дамыту, соның ішінде Институт базасында ультрасуық нейтрондар көзін құру мәселесі сөз етілді.
Жұмыс кездесулері ғылыми ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді растады.