Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық физика институтының делегациясы АЭХА-ның Венадағы Бас конференциясының 67-ші сессиясына қатысуда

25 қыркүйекте Вена қаласында (Австрия) Агенттікке мүше 177 мемлекеттің қатысуымен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (бұдан әрі-АЭХА) Бас конференциясының 67 – ші сессиясы басталды. Конференция жұмысына Қазақстан тарапынан министр Алмасадам Сәтқалиев бастаған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (ҚР ЭМ) делегациясы, сондай-ақ ҚР ЭМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысады: Ядролық физика институты РМК (ЯФИ), «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ, ҚР «Ұлттық ядролық орталық» РМК және «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС.

ЯФИ - дан бас директор Саябек Сахиев және Ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік департаментінің директоры Мұрат Төлегенов қатысуда.

Бас конференция ядролық саладағы стратегиялық мәселелерді талқылау алаңы болып табылады. Апта бойы делегаттар ядролық ғылымға, технологияларға және қолданбаларға, сондай-ақ АЭХА-ның ядролық қауіпсіздік пен қауіпсіздік саласындағы жұмысын және Агенттіктің кепілдіктерінің тиімділігін арттыруға қатысты бірқатар тақырыптарды талқылайтын болады.

Пленарлық сессия барысында ҚР Энергетика министрі Қазақстанның АЭХА-мен ынтымақтастығының негізгі бағыттары туралы баяндама жасады. Министр өз сөзінде АЭХА қолдауымен медицина қажеттілігі үшін радиофармпрепараттар (бұдан әрі – РФП) өндірісі жолға қойылғанын және табысты жұмыс істеп жатқанын; атом саласы мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Министр А.Сәтқалиев өз сөзінде ЯФИ АЭХА-мен Бішкекке РПФ жеткізуге шарт жасасқанын, сондай-ақ жақын арада Францияға Со-57 жеткізуді бастайтынын атап өтті.

1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы АЭХА-ның 121-ші мүшесі болды. Бүгінгі таңда ЯФИ-дың басты халықаралық ынтымақтастықтарының бірі АЭХА-мен ынтымақтастық болып табылады. Агенттікпен ынтымақтастықтың арқасында ұлттық және өңірлік жоба техникалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде елдегі ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді шешуге үлкен әсер етті және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласының табысты дамуына ықпал етті. Институт базасында АЭХА қолдауымен үш оқу орталығы жұмыс істейді: радиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы, бақылаудың бұзылмайтын әдісі бойынша оқу орталығы, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы, олардың қызметі атом саласы үшін кадрлар даярлау болып табылады.

Зерттеу реакторларында ядролық материалдар мен технологияларды бейбіт мақсатта пайдалануды тексеру АЭХА жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан агенттіктің атом электр станциялары мен зерттеу реакторлары үшін талаптары бір. Осының арқасында ЯФИ-да қандай да бір оқыс-оқиғасыз 56 жыл бойы Қазақстандағы жалғыз ССР-Қ стационарлық ғылыми-зерттеу реакторы табысты жұмыс істеуде.

Конференция аясында ЯФИ ашық елдік көрмеге қатысады және өз өнімдерін ұсынады. Көрме аймағы институттың өндірістік қызметіне арналған. Онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеуді бақылау үшін қолданылатын радиофармацевтикалық препараттар, сондай-ақ институтта өндірілетін күйік кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық мақсатындағы «Aqua Dress» стерильді гидрогельді таңғыштар таныстырылды.

АЭХА бас конференциясы 29 қыркүйекке дейін жалғасады. Конференция қорытындысы бойынша әлемдік атом саласын дамыту саласында бірқатар маңызды шешімдер қабылданатын болады.