27 қараша күні ресми сапар аясында Ядролық физика институтының делегациясы ғылым мен инновация саласындағы жетекші ұйымдары — Корейдің алдыңғы қатарлы ғылым және технологиялар институты (KAIST) және Корей атом энергиясын зерттеу институтында (KAERI) болды.
KAERI өкілдерімен өткен келіссөздер барысында:
•болашағы зор материалдарды реакторлық сынақтан өткізу,
•Қазақстан үшін жаңа зерттеу реакторының дизайнын жасау,
сондай-ақ бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндігі талқыланды. Сапар аясында делегация HANARI зерттеу атомдық реакторын және иридий-192 изотопы мен медициналық радиоизотоп йод-131 өндірісіне арналған өндірістік алаңды да аралады.
KAIST өкілдерімен өткен келіссөздерде экологиялық таза және ұзақ мерзімді энергия көздерін жасауға, ядролық энергетика үшін қауіпсіз әрі экономикалық тиімді шешімдерді енгізуге, микроэлектроника үшін қажетті жоғары сапалы жартылай өткізгіштерді әзірлеуге бағытталған негізгі бірлескен зерттеу бағыттары талқыланды.
Басымдық берілген жобалар қатарында:
• перспективалы литий-ионды батареяларды әзірлеу;
• жаңа буынның шағын модульді реакторларын (SMR) жобалау;
• кремнийді нейтрондық-трансмутациялық легирлеу.
✔️Сонымен қатар атом өнеркәсібі үшін кадрларды даярлау мәселелері бойынша ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды.