Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық физика институтының бас директоры қоғамдық штаб мүшелерінің кездесуіне қатысты

2022 жылдың 7 қарашасында ҚР ЭМ "Ядролық физика институты" РМК бас директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлы ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штаб мүшелерінің кездесуіне қатысты. Еркін форматта ұйымдастырылған кездесу Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өтті. Оған университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кездесу барысында қоғамдық штаб мүшелері білімді жастарды қолдауға бағытталған реформаның тармақтарын талқылады. Елімізде ғылым мен білімді дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру жұмыстарының жалғасатыны айтылды.