27 наурыз күні Ядролық физика институтының (ЯФИ) бас директоры Саябек Сахиев Мәскеу болат және қорытпалар зерттеу технологиялық университетінде болып, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Михаил Филоновпен кездесті.
Сапар барысында университеттің негізгі зертханаларына экскурсия ұйымдастырылып, материалтану, физика және жоғары технологиялар саласындағы озық зерттеулер мен әзірлемелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап бірлескен жобаларды дамыту және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайту жоспарын белгіледі.
ЯФИ мен МИСИС өзара тиімді серіктестік пен жаңа бастамаларды жүзеге асыруға сенім білдірді.