Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық физика институтының 65 жылдығына арналған IV ғылыми форум басталды.

26 қыркүйекте ҚР Ұлттық Ғылым академиясында "Ядролық ғылым және технологиялар" атты IV Халықаралық ғылыми Форум өз жұмысын бастады. Ұйымдастырылған Форум бұл жолы Ядролық физика институтының 65 жылдығына арналған.

Форум жұмысына Франция, Бельгия, Швейцария, Әзірбайжан, Египет, Жапония, Италия, Норвегия, Латвия, Ресей, Өзбекстан және т.б. сияқты 17 жақын және алыс шетелдерден 300-ден астам ғалымдар мен мамандар қатысуда.

Форумды ядролық физика институтының бас директоры ҚазҰЖҒА академигі Саябек Қуанышбекұлы Сахиев ашты. Ол қатысушыларды құттықтап, форумның функциялары мен мақсаттары туралы айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ институт пен форумға қатысты ізгі тілектер де айтылды: Трубников Григорий БЯЗИ директоры, Аtaru Inoue Chiyoda Technol Corporation президенті, Садыков Ильхом ЯФИ ан РУ директоры, Mr. Henri Vantieghem Бельгия елшісі,

Charlotte Warakulle CERN директорының орынбасары, Mr. Tomohiro Kanata дипломатиялық миссия басшысының орынбасары, Қазақстандағы Жапония елшілігінің кеңесшісі, Бобров Евгений ҚР-дағы Ресей Федерациясының Бас консулы, Владимир Калайджян ҚР-дағы АҚШ елшілігінің энергетика департаменті, Дженбаев Бекмамат Қырғыз Ғылым Академиясының бас ғылыми хатшысы, ҚР ҰЯО өкілі Михайлова Наталья, Тихомиров Георгий ЯФИ МИФИ директорының орынбасары, Габдуллин Маратбек ҚБТУ ректоры, Мейрам Бегентаев Сәтбаев университетінің ректоры, Тасибеков Хайдар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры.

Пленарлық отырыстардан басқа форум шеңберінде "ядролық және радиациялық физика" 14-ші Халықаралық конференциясы, "Медицина, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы ядролық және радиациялық технологиялар" 3-ші халықаралық конференциясы және ХҒТО-ЦЕРН-БЯЗИ 6-шы жазғы мектебі, "Көміртексіздендіру және Қазақстанда сутегінің рөлі" тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

Сондай-ақ, ядролық физика, қатты дененің радиациялық физикасы және материалтану, атом энергиясы, радиациялық экология және талдау әдістері, медицина, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы ядролық және радиациялық технологиялар мәселелеріне арналған секциялар шеңберінде баяндамалар ұсынылатын болады.

Халықаралық форум 30 қыркүйекке дейін жалғасады.