31 шілде күні Ядролық физика институтында «Қазіргі әлемдегі атом энергетикасының артықшылықтары мен кемшіліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Ядролық физика институтының, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, А. Буркитбаев атындағы Энергетика және машина жасау институтының, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің және Қазақстан-Британ техникалық университетінің жетекші сарапшылары мен ғалымдары қатысып, елдегі атом энергетикасының өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылады.
Өз сөзінде қатысушылар атом энергетикасы көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігінің маңызды элементі болып қала беретінін, тұрақты және экологиялық таза электр энергиясын өндіруді қамтамасыз ететінін атап өтті.
Талқылаудың өзекті тақырыбы атом станцияларының қауіпсіздігі, радиоактивті қалдықтарды басқару және бейбіт атом энергиясын пайдаланудың экономикалық орындылығы, сондай-ақ ЯФИ базасында болашақ АЭС үшін кадрларды даярлау мәселелері болды.
Қорытындылай келе, қатысушылар атом энергетикасы саласындағы диалог пен ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт білдіріп, тұрақты және қауіпсіз энергетикалық болашақты қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.