Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА»: ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАКТАСТЫҚ

Ядролық физика институты мен «Самұрық-Қазына» холдингі ядролық технологиялар мен энергетика саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Талқылау 14 қарашада өтті, онда Институт бас директоры Саябек Сахиев пен қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов болашақ бірлескен жобалардың негізгі бағыттарын айқындады.

Тараптар бірнеше перспективалық бастамаларды қарастырды, оның ішінде ядролық технологияларды пайдалану арқылы сутегі өндірісі бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру, заманауи радиофармацевтикалық препараттарды әзірлеу және өндіру, сондай-ақ атом өнеркәсібі нысандарын мониторингтеу. Сондай-ақ, болашақ атом электр станциясы үшін білікті кадрларды даярлау мәселелері де назардан тыс қалған жоқ, бұл өз кезегінде ядролық энергетиканың тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды қадам болады.

Алдағы жобалар ядролық технологиялардың дамуы үшін маңызды кезең болып, екі тараптың стратегиялық серіктестікті күшейту және инновацияларды енгізуге деген ынтасын көрсетеді.