28 қыркүйек – 4 желтоқсан аралығында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 6B05302 – «Физика» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушылары Ядролық физика институтында үздіксіз өндірістік практикадан өтуде. Практика университетпен бекітілген келісімге сәйкес ұйымдастырылған.
Практиканың негізгі мақсаты – студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, кәсіби құзыреттерін жетілдіру және болашақ мамандығына қажетті практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Өндірістік практика білім алушыларға кәсіби ортаға бейімделуге, ғылыми-зерттеу және өндірістік үдерістермен танысуға, сондай-ақ мамандығы бойынша тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Университет пен институт арасындағы ынтымақтастық аясында студенттерге білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес практикадан өтуге қажетті жағдай жасалған.
Теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру – білікті маман қалыптастырудың маңызды кезеңі. Практика студенттерге теория жүзінде оқыған тақырыптарды іс жүзінде қолдануға, алғашқы кәсіби жұмыс тәжірибесін алуға жақсы мүмкіндік береді.