Дүниежүзілік сапа күнін мерекелеу құрметіне орай «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ бас директордың даму жөніндегі орынбасары Думанов Дәурен Институт бас директоры Саябек Сахиевке «Сапа саласындағы жоғары жетістіктері үшін» дипломын және «Сапа көшбасшысы – 2023» естелік статуэткасын табыс етті. Айта кету керек, Институт зертханасының барлық құрылғылары нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі бойынша ай сайын «ҰССО» АҚ аттестаттауынан өтеді және сертификат алғаннан кейін қолдануға рұқсат етіледі. Бұл өз кезегінде Институтта өндірілетін өнімнің жоғары сапасын көрсетеді.
Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы-тұтынушылардың талаптарын барынша қанағаттандыруды қамтамасыз етуге және олардың күтулерінен озып кетуге ұмтылатын Стандарттау, метрология, өнімді, қызметтерді сертификаттау, менеджмент жүйелері, сынау, зертханааралық салыстыру, тауардың шығу тегін сараптау саласында қызметтер кешенін көрсету жөніндегі қазақстандық нарықтағы кәсіпорын болып табылады.