13 қаңтарда Ядролық физика институтының делегациясы институт бас директоры Саябек Сахиевтің жетекшілігімен Невада университетінің (Лас-Вегас) радиохимиялық зертхана кешеніне сапармен барды.
Кездесуде Ядролық физика институты мен Невада университеті арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қойылып, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары қарастырылды. Бұл бағыттар арасында Қазақстаннан магистранттар мен докторанттарды оқыту бағдарламасы, сондай-ақ радиохимия саласындағы ғылыми стажировкалар ұйымдастыру мәселелері бар.
Талқылаудан соң Невада университеті радиохимия бағдарламасының директоры Артем Гелис делегацияны радиохимиялық зертхана кешенімен, ғылыми-зерттеу бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Қазақстанда онкологиялық аурулар санының өсуі мен радиохимия саласындағы жоғары білікті мамандарға сұраныс артуына байланысты, радиофармацевтикалық өнімдер өндірісінің жаңа әдістерін меңгеру және әзірлеу маңызды болып отыр. Институт үшін перспективалық жобалар қатарында төмен байытылған нысада ыдырау әдісі арқылы молибден-99 изотопын алу және актиний-225 изотопын өндіру әдістері бар.
Бұл бағыттар отандық медицина мен ғылымның дамуына маңызды үлес қосады.