03.04.2024
Ядролық физика институты мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлауда
🔹Институт делегациясы бас директор Саябек Сахиев пен ҮТҒТБ бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Игорь Данько «Атырау мұнай және газ» (ATYRAU OIL&GAS 2024) 21-ші Солтүстік Каспий өңірлік көрмесінің ресми ашылу рәсіміне қатысты.
🔹Институттың аталмыш іс-шараға қатысуының негізгі мақсаттары:
- мұнай-газ саласы үшін қазақстандық радиоизотопты өнімдер мен қызметтердің спектрі бойынша ақпараттандыру;
- иондаушы сәулеленудің өнеркәсіптік көздерін жеткізуге шарттар жасасу және бақылаудың бұзбайтын әдістерін көрсету арқылы мұнай-газ және сервистік компаниялардың сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту мүмкіндіктерін қарау;
- радиациялық даму бағыттарын талқылау болып табылады.