Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық физика институты мен Қытай Атом энергиясы институты ынтымақтастық меморандумына қол қойды

26 қыркүйекте Венада өткен АЭХА-ның 67-ші Бас конференциясы барысында Ядролық физика институтының (ЯФИ) Бас директоры Саябек Сахиев пен Қытай Атом энергиясы институтының (CIEA) Президенті Син Фэн (Xin Feng) атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

ЯФИ және CIEA меморандумы шеңберінде келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады: нейтрондарды таратуға арналған аспаптар және оларды қолдану, ядролық физика, ядролық зерттеу ядролық қондырғыларын пайдалану және пайдаланудан шығару, үдеткіштер және оларды қолдану, нақты тақырыптар бойынша семинарлар, практикумдар және басқа да кеңестер ұйымдастыру және оларға қатысу.

Тараптар атом энергиясындағы өз ынтымақтастығын қолдауға және нығайтуға, өзара қызығушылық тудыратын перспективалы жобаларды іске асыру үшін өзара іс-қимылды кеңейтуге және Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық қатынастар шеңберінде ЯФИ мен CIEA арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту іс-қимыл жоспарын айқындауға ниетті.

Қытай Атом энергиясы институты – Қытайдағы ядролық ғылым мен техниканың қалыптасуының негізі. Ядролық физика және химия, радиохимия, реакторлық инженерлік технологиялар, ядролық электроника, изотоптық технологиялар, радиациялық метрология және радиациялық қауіпсіздікке маманданған көпсалалы ғылыми-зерттеу институты. Қазіргі уақытта институтта 3000 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде Қытай Ғылым академиясы мен Қытай инженерлік академиясының 5 академигі бар. 140 оқытушы-ғылым докторы және 180 магистр. 1000-ға жуық ғылыми қызметкерлер мен инженерлер.