Ядролық физика институты мен Orhun Med Limited Қазақстанда ядролық медицина саласында сапалы медициналық көмекті бірлесіп дамытуға ниетті.
Бүгін ынтымақтастық туралы меморандумға Институттың бас директоры Саябек Сахиев пен Orhun Med Limited директорлар кеңесінің төрағасы Гоненч Дирик қол қойды.
Осы келісім негізінде Институт пен Orhun Med бірлесіп ядролық медицина саласындағы денсаулық сақтау жүйесінің заманауи материалдық-техникалық базасын құратын болады. Соның аясында жоспарлануда:
Orhun Medical медициналық компаниясы-жетекші медициналық мекемелердің бірі. "Orhun Sağlık" (Түркия) компаниясының филиалы болып табылады. Өз қызметін Қазақстанның алты қаласында жүзеге асырады, медицинаның түрлі салаларында қызмет көрсетеді.