Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық физика институты мен Chiyoda Corporation ынтымақтастықты жалғастырады

9 тамызда Астанада өткен «Орталық Азия + Жапония» бизнес-форумы аясында Ядролық физика институты мен Chiyoda Technology Corporation бейбіт, жарылыссыз мақсаттарда радиациялық технологияларды қауіпсіз қолдану саласындағы зерттеулер мен әзірлемелер бойынша бірлесе жұмыстар атқаруы келісілді.

Ынмақтастық құжатына Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев және Chiyoda Technology Corporation компаниясының президенті Атару Иноуи қол қойды.

ЯФИ пен Chiyoda Technology арасындағы ынтымақтастық 2016 жылы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен басталды. Ал 2017 жылы кремнийдің нейтронды-трансмутациялық легирленуін қоса алғанда, төрт бағытты қамтитын ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Кремнийді легирлеу бойынша алдыңғы жұмыстардың арқасында ССР-Қ реакторында үлкен диаметрлі кремний құймаларын нейтронды-трансмутациялық легирлеу мүмкіндігі ғылыми тұрғыдан негізделді.