Бүгін 24 қараша күні Ядролық физика институты Массачусетс технологиялық институтының (MIT) Ядролық ғылымдар және инженерия департаментінің директоры Майкл Филип Шорт ғылыми тобы арасындағы ғылыми ынтымақтастық бойынша екінші меморандумға қол қойды. Алғашқы меморандум 2016 жылы қойылған болатын.
Массачусетс технологиялық институты әлемнің ең үздік үш техникалық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Университет робототехника және жасанды интеллект секторлары және ақпараттық технология, физика, химия және математика салаларын оқыту жүйелері әлемдегі ең таңдаулы оқу орны болып саналады. Меморандум аясында ЯФИ және MIT радиациялық материалтану, сондай-ақ ядролық инженерия саласында бірлескен зерттеулер жүргізуде, PhD докторанттарды бірлесіп даярлауда ынтымақтастықты жалғастыратын болады. Меморандумға сәйкес, доцент Майкл Шорттың кемінде 5 қазақстандық PhD докторантына ғылыми жетекшілігі, сонымен қатар докторанттардың MIT тағылымдамадан өтетін болады.
Ядролық физика институтында TGS (transient grating spectroscopy) үстел үсті жүйесін бірлесіп құру жобасы жүзеге асыратын болады. TGS-спектроскопия технологиясын қолдану бойынша ЯФИ-дің ғалымдары алдағы уақытта MIT және University of Manchester кейін әлемде үшінші орында болатындығын, бұл ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру үшін үлкен мүмкіндіктер беретінін атап өткен жөн.
Сондай-ақ, Ядролық физика институты мен Қазақстан-Британ техникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйелерінің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесу мақсатында Білім және ғылым саласындағы өзара іс-қимылға негізделетін болады. ЯФИ мен ҚБТУ екі тараптың бірлескен симпозиумдарын, семинарларын, ғылыми конференцияларын және біліктілікті арттыру курстарын өткізуді жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта ЯФИ ғалымдары, ХҒTO – да MIT бірлескен грант жобасын әзірлеуде. ЯФИ ғалымдар тобы мен Майкл Шорттың бірлескен зерттеулерінің нәтижелері 2022 жылы жоғары рейтингті Acta Materialia журналында жарияланды (Web of Science деректер базасы бойынша импакт-факторы – 9,4; бірінші квартиль Q1; CiteScore – 15,1; 96-процентиль).