Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық физика институты Карлсруэ технологиялық институтымен меморандумға қол қойды

Бүгін Ядролық физика институты (ЯФИ) әлемдегі ең ірі ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелерінің бірі — Карлсруэ технологиялық институтымен (КIT) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою Германияда ЯФИ делегациясының Карлсруэ институтына сапары аясында өтті. Екіжақты ынтымақтастық туралы құжатты ЯФИ бас директоры Саябек Сахиев пен KIT инновациялар және халықаралық істер жөніндегі вице-президенті Томас Хирт қол қойды. Меморандум термоядролық технологиялар саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және қолданбалы жобаларды іске асыруға бағытталған екі ұйым арасында ынтымақтастық орнатуды көздейді. ЯФИ және KIT меморандумы шеңберінде өзекті ғылыми-техникалық ақпаратпен алмасуға, термоядролық технологиялар саласында бірлескен зерттеулер жүргізуге және халықаралық рейтингтік журналдар үшін бірлескен қолжазбалар мен екіжақты ынтымақтастық тақырыбы бойынша халықаралық конференцияларға қатысу үшін баяндамалар дайындауға ниетті. Бүгінгі күні Карлсруэ технологиялық институты жетекші мемлекеттік білім беру университеттерінің бірі және Германиядағы ең ірі ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады. Университет 19 неміс ғылыми орталықтарын біріктіретін Гельмгольц қауымдастығының мүшесі болып табылады. Сондай-ақ, сапар барысында ЯФИ делегациясы бірқатар эксперименттік қондырғыларға барып, тритий зертханасы, Kalos әдісімен литий керамика пабльдерін өндіру қондырғысы және термоядролық синтезге арналған материалдарды зерттеу зертханасы сияқты объектілердің қызметімен егжей-тегжейлі танысты. Тараптар меморандумға қол қою болашақта бірлескен жобаларды іске асыруға жаңа серпін беретініне және екі елдің ғылымын дамыту үшін жаңа көкжиектер ашатынына сенімді.