Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық физика институты «Еуразиялық биік таулы ғарыштық сәулелер ғылыми орталығының» қазақстандық-ресейлік консорциум құрамына кірді

Ядролық физика институының бас директоры Саябек Сахиев Ресей еліне сапары барысында «Еуразиялық биік таулы ғарыштық сәулелер ғылыми орталығының» консорциум құрамына ену туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш консорциум ғарыштық сәулелердің табиғаты мен ғарыш құрылымы туралы ғылыми білімді тереңдетуге бағытталған халықаралық ынтымақтастық негізіндегі бағдарлама болып табылады.

Консорциум 2010 жылы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аймақаралық ынтымақтастықтың VII форумының нәтижесінде, зерттеулер бағдарламасының іске асыру мақсатында құрылған болатын.

Консорциум негізінде енді ИЯФ ғалымдары құрамдардағы тараптармен энергиялы ғарыштық сәулелер физикасы, астрофизика, атмосферадағы процестерді зерттеу бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы бірлескен зерттеу жүргізе алады. Жаһандық климаттық табиғи тәуекелдерді бағалайды және болжам жасайтын болады. Сондай-ақ халықаралық білім және ғылым бағытындағы жобаларға қатысуға мүмкіндік алады.