Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық физика институты делегациясы Оңтүстік Кореядағы Қазақстан Елшісімен кездесті

25 қарашада Ядролық физика институтының делегациясы бас директор Саябек Сахиевтің басшылығымен Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нұрғали Арыстановпен кездесті.

Институт өкілдері Елшіге ғылыми база, ағымдағы қызмет және жоспарланған жобалар туралы баяндап, делегацияның сапар бағдарламасымен таныстырды. Бағдарлама Оңтүстік Кореяның атом саласындағы жетекші сарапшыларымен кездесулерді және негізгі ғылыми-техникалық мекемелерге баруды қамтиды.

Елші институттың ядролық технологиялар саласындағы жұмыстарының маңыздылығын жоғары бағалап, жоспарлардың табысты жүзеге асуына тілектестіа білдіріп, екі ел арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың одан әрі нығаятынына сенім білдірді.