11 шілдеде Ядролық физика институты Алматы қаласының Медеу ауданы Алатау ықшам ауданының белсенді тұрғындарына экскурсия ұйымдастырды. Іс-шара қатысушыларды Институттың қызметімен, оның ядролық және радиациялық қондырғыларымен, ғылыми әзірлемелерімен таныстыруға, сондай-ақ халық арасында ядролық білімді насихаттауға бағытталды.
Экскурсия барысында топ радиоактивті қалдықтарды көму пунктіне, CCҚ-Р зерттеу реакторына, ЭЛВ-4 және ИЛУ-10 электрондық үдеткіштеріне барды. Бұл төрт қондырғы Институттағы негізгі ядролық және радиациялық объектілердің бір бөлігі ғана болып табылады, барлығы он қондырғы бар.
Ықшам аудан тұрғындары бейбіт мақсаттағы атом энергиясын пайдалану туралы, ғылыми қызметкерлермен жеке кездесіп, АЭС қауіпсіздігі және құрылысы туралы сұрақтарға жауап алды.
Экскурсия қатысушылары іс-шараның пайдалы және ақпараттық болғанын атап өтті. Олар қондырғылардағы радиация деңгейі рұқсат етілген нормалардан аспайтынын және ядролық энергетика саласындағы білімді арттыру мақсатында Институтпен байланысты одан әрі нығайтуға үміттенетіндерін жеткізді.