2023 жылдың 15-19 мамыр аралығында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша АҚШ ҚМ ҚАА ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған «Компьютерлендірілген жүйелердің қауіпсіздігі» оқу курсы өткізілді.
Курстың мақсаты – ақпараттық тәуекелдерді басқару әдістеріне үйрету, берілетін деректерді шифрлеу, елеулі ақпаратты рұқсатсыз жария ету салдарымен танысу, программалық және аппараттық құралдардың жұмыс істеуінің ауытқуы. Курс физикалық қорғаныс бөлімшелерінде, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау бөлімдерінде жұмыс істейтін атом саласы кәсіпорындарының мамандарына арналған.
Америкалық және қазақстандық нұсқаушылар теориялық, практикалық және көрсетілімдік сабақтар өткізді. Сондай-ақ, курс тыңдаушылары үшін Орталықтың үй-жайлары мен оқу полигоны бойынша таныстыру турлары ұйымдастырылды.
Оқыту қорытындысы бойынша 9 қазақстандық маманға –ҚР ЭМ АЭҚБК, ҚР ҰЯО Атом энергиясы институты, ҚР ҰЯО геофизикалық зерттеулер институты, Ядролық физика институты, Үлбі металлургия зауыты, МАЭК өкілдеріне курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар берілді.