Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында оқыту семинары өткізілді

2024 жылғы 10-14 маусымаралығында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында қондырғылар деңгейінде ядролық материалдарды есепке алу ақпараттық жүйесінің әкімшілері мен пайдаланушылары үшін семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинар АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қатерді азайту жөніндегі агенттігінің «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинар мақсаты – ақпараттық жүйенің толық циклін тестілеуден өткізу, ядролық қондырғылардағы ядролық материалдарды есепке алу рәсімдеріне арналған программамен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын оқыту. Семинарға АЭҚБК, ҰЯО, ҮМЗ, Үлбі-ЖБЖ, ЯФИ, МАЭК атынан 14 қазақстандық маман қатысты. Ақпараттық жүйе ЯҚОО оқу серверінде орнатылды, әрбір қатысушы жеке ноутбукта программалық жасақтаманы сынақтан өткізді. Әзірлеушілер тестілеуді өткізу процесі үшін ақпараттық жүйеге тіркеу мен кірудің, ЯМ түгендеу бойынша деректерді енгізудің, өзгертудің, түзетудің, қорытынды есепті дайындаудың және мемлекеттік органға жіберудің бастапқы үдерісін қамтитын практикалық жаттығулар дайындады.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.