23-ші есептік ғылыми-техникалық конференциясы сәтті аяқталды. Конференцияның 3 күнінде аралас форматта (онлайн/офлайн) 51 баяндама тыңдалды, оның ішінде 11-і мақсатты қаржыландыру бағдарламасы бойынша, 35-і гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша, 3-і ХҒТК бойынша және бір баяндама Ғылым қоры және МАГАТЭ. Ағымдағы жылы ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен институттың 32 қызметкері: бөлім меңгерушілері, зертхана меңгерушілері және жетекші ғылыми қызметкерлер таныстырды.
Конференция барысында ядролық және радиациялық физика, радиациялық материалтану, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, Қазақстанда сутегі энергиясын енгізу және пайдалану, астрофизика мен ғарыштық сәулелер физикасының өзекті мәселелерін шешу және т.б. саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелері тыңдалды.
Конференцияның қорытынды күнінде бас директор Саябек Сахиев алдағы жоспарлардан хабардар етіп, конференция жұмысын қорытындылады.
— *Есеп беру конференциясында барлығы 51 баяндама тыңдалып, институттың 32 қызметкері баяндама жасады. Оның 4-і ғылым докторы, 8-і ғылым кандидаты, 20-сы PhD докторы. Бұл конференцияның қорытындысы Ғылыми кеңесте талқыланады. Келесі жылы жылдық есеп шығаруды жоспарлап отырмыз. Алдағы уақытта Институт жыл соңында есептік ғылыми-техникалық конференциясын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.
Алдағы уақытта Институт жыл соңында есептік ғылыми-техникалық конференциясын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.