Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Британдық кәсіпкер Морис Сэмюэль Остроның ИЯФ-ге сапары

2023 жылдың 15-ші наурызында Ядролық физика институына британдық кәсіпкер, «Ostro minerals» (Ұлыбритания) компаниясының директоры Морис Сэмюэл Остро жұмыс сапарымен келді. Сапар мақсаты-Ядролық физика институтының инфрақұрылымымен танысу және әріптестік қатынастарды орнату. Кездесуде бас директор Саябек Сахиев кәсіпкерді ЯФИ-дің ғылыми-зерттеу және техникалық базасымен таныстырды. Ынтымақтастық негізінде 30-дан астам халықаралық ұйымдармен жүргізілген жұмыстарға тоқталды. Ядролық физика институты ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың толық циклін жүргізетін жалғыз Институт екенін атап өтіп, институт базасында өндірілетін радиоизотоп пен радиофармпрепараттар, стерилді гидрогелдік танытқыштар өндірісімен таныстырды. Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі мамандар даярлау, медициналық бұйымдар мен дәмдеуіштерді радиациялық залалсыздандыру, жартылай бағалы тастарды радиациялық бояу сынды ИЯФ ұсынатынқызметтердібаян етті. Өз кезегінде британдық кәсіпкер Морис Сэмюэл Остро көк топазды сатумен және элиталық тас нарығын құрумен айналысатын кәсібімен таныстырды. Атап айтқанда бағалы тастарды, іздестіру, оларды нейтрондық,электрондық сәулелендіру және арнайы штрих код арқылы жұмыс процесін бақылау туралы баяндады. Әлемдік танымал суретші және дизайнерлермен бірге асыл тастарымен жасалған зергерлік бұйымдар топтамасын ұсынды. Сонымен қатар, Морис Сэмюэл Остро CCР-Қ зерттеу реакторы, радиохимия және радиофармпрепараттар өндірісі ғылыми-техникалық орталығын аралап, жұмыс барысымен танысты.