Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Қазақстан Республикасы делегациясының БЯЗИ Үкіметтерінің Өкілетті өкілдері Комитетінің сессиясына сапары

2022 жылдың 23 қарашасында Хургада (Египет) қаласында Бірлескен Ядролық зерттеулер институтына (БЯЗИ) мүше мемлекеттер Үкіметтерінің Өкілетті Өкілдері Комитетінің (ЯӨК) кезекті отырысы өтті. Қазақстан Республикасының ресми делегациясын Қазақстан Республикасы Үкіметінің БЯЗИ-дегі жанындағы Өкілетті өкілі, Ядролық физика институтының бас директоры Сахиев Саябек Қуанышбекұлы бастады. Делегация құрамында БЯЗИ-дің Қазақстан Республикасы ұлттық тобының жетекшісі Ержан Мұхамеджанов және ЯФИ Астана филиалының директоры Максим Здоровец болды.

ҮӨК сессиясы барысында қатысушы елдер КӨ қызметінің техникалық мәселелерін де, БЯЗИ-ды одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін де жемісті талқылады.БЯЗИ ғылыми кеңесінің алдағы 5 жылға арналған жаңа құрамын бекітті.

Баяндама барысында БЯЗИ директоры Григорий Трубников әрбір зертхана контекстінде Институттың бір жылдағы негізгі ғылыми нәтижелерін, сондай-ақ 2024–2030 жылдарға арналған Институттың жеті жылдық даму жоспарының жобасымен таныстырды. Сессияның барлық қатысушылары ауқымды ғылыми жоспарларды жоғары бағалады.

Қазақстандық делегация атынан БЯЗИ директоры Г.В.Трубниковке, БЯЗИ директорының орынбасарлары С.Н.Дмитриевке, В.Д.Кекелидзеге және Л.К. Костовқа сондай-ақ Египет ғылыми зерттеулер және технологиялар академиясының президенті Махмуд Сакрқа Ядролық физика институының 65 жылдығына арналған мерекелік медальдар табыс етілді.

БЯЗИ зертханаларының басшыларымен екіжақты кездесулер барысында ҚР ғылыми ұйымдары мен БЯЗИ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыру жоспарлары егжей-тегжейлі талқыланды.