2022 жылдың 24-26 қарашасында ҚР ЭМ «Ядролық физика институты» РМК бас директоры Сахиев Саябек бастаған делегация, құрамында Н.Багисбаев, А.Силнягин, Д.Алимов Түркия Республикасында іссапарда болды.
Ісспар аясында 24 қараша күні ЯФИ делегациясы Ыстанбұл университетінде болып, ЖОО-ның қызметі, ғылыми-техникалық базасымен танысты.
Ыстанбұл университеті Түркиядағы ең байырғы, әрі жетекші ЖОО орындарының бірі. Дүние жүзіндегі 500 үздік университет қатарына кіреді. Әр елдің түкпір-түкпірінен 68 мыңға жуық студент білім алады. 2000-нан астам профессор оқытушылары бар ең беделді білім ордасы.
Сонымен қатар, ЯФИ делегациясы университет ректоры Ильяс Топсакалмен (Ilyas Topsakal) кездесті. Кездесу барысында ядролық физика саласында тәжірибе алмасу, сала мамандарын даярлау сынды бағытындағы жоспарлар талқыланды. Өз кезегінде институт бас директоры С.Сахиев ССР-Қ зерттеу реакторында жүргізілетін нейтронды активикациялық анализ негізінде бірлесіп жұмыстар атқаруға ұсыныс білдірді. Нейтронды- активикациялық анализ қолданысы бойынша құрамның сапасын немесе материалдардың тазалығын бақылауға және элементтердің концентрацияларын анықтау үшін қолданылады.Ерекше артықшылығы ол үлгіні бұзбайды және индукцияланған радиацияның ұзақтығы әдетте бірнеше наносекундтан сағатқа дейін болады. Сондықтан іздерді анықтау үшін криминалистика саласында, көне жазба артефактілерді талдау үшін археологияда жоғары бағаланады.Ата-бабадан қалған тарихи, мәдени мұраларды сақтауға, зерделеуге таптырмас мүмкіндік береді деп жеткізді бас директор.