2023 жылдың 14 сәуірінде Ядролық физика институтына «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әбділда Шәменов бастаған делегация келді. Қор делегациясымен кездесу барысында институт өкілдері ЯФИ-дің ғылыми-техникалық базасын, мега-ғылыми жобаларын және білім-ғылым бағытында жетекші ұйымдармен халықаралық ынтымақтастық аясындағы жұмыстарымен таныстырды. Сондай-ақ жиында бас директордың орынбасары Данияр Жансейітов ғылыми қызметкерлердің басылымдық жетістіктерін атап өтті. Ол 2022 жылдың соңында ЯФИ Web of Science деректер базасы бойынша индекстелген журналдарда мақалалардың ең көп санын жариялап, Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары арасында бірінші орынға ие болғанын атап өтті. Өткен жылы институттың баспа қызметі 30 пайызға артқанын айта кетті.
БСБӘ Ғылыми-техникалық орталығының басшысы Евгений Ермаков медицина мен өнеркәсіп үшін радиофармацевтикалық препараттар мен сәулелену көздерінің өндірісі туралы айтты. Ол ЯФИ Қазақстандағы радиофармацевтикалық препараттардың негізгі өндірушісі болып табылатынын және республиканың онкологиялық орталықтары мен ядролық медицина орталықтарын радиофармацевтикалық препараттармен қамтамасыз ететінін атап өтті.
Сондай-ақ кездесуде Игорь Горлачев Ғылым қорының қолдауымен жүзеге асырылған жобаға тоқталды. Ол «Кобальт-57» өндірудің технологиялық процесі осыдан 3 жыл бұрын жасалғанын және бұл радиофармацевтика шетелде үлкен сұранысқа ие екенін хабарлады. «Кобальт-57» негізінен томографиялық қондырғыларды орнату және кейбір ауруларды ерте кезеңде диагностикалау үшін қолданылатынын жеткізді. Сонымен қатар, Игорь Горлачев «Сyclone-30» үдеткіші үшін изотоптарды өндіру технологияларын енгізу барысы және қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу жұмыс нәтижелерімен бөлісті.
«Кобальт-57» радиофармацевтикалық препараттарға жатады. Ол негізінен медицинада әртүрлі ауруларды, соның ішінде онкологияны ерте диагностикалау үшін қолданылады.
Кездесу барысында тараптар қолданбалы ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.