19 тамызда Душанбе қаласында ғылыми саладағы мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту және екі елдің ғылыми әлеуетін біріктіру мақсатында Тәжікстан мен Қазақстан ғалымдары мен интеллигенциясының конференциясы өтті.
Қазақстан делегациясының құрамында Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев конференцияға қатысып, Институттың ғылыми аренадағы орны жайында баяндама жасады. Сөзінде ол институттың табыстарына, соның ішінде ғылыми жарияланымдардағы жетістіктеріне тоқталды. 2023 жылы ЯФИ Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары арасында Web of Science базасында жарияланған мақалалар саны бойынша көш бастады. Сонымен қатар, бас директор ССР-Қ зерттеу реакторының нейтрондық шоғыры арқылы жүргізілген нейтрондық физика зертханасының эксперименттік зерттеулеріндегі жетістіктерді де атап өтті.
Аталмыш конференция Қазақстан мен Тәжікстанның ғылыми-өкілдерінің байланыстарын нығайтып, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларының басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.