Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Тәуелсіздік күні аталып өтті

Кеше Ядролық физика институтының ұжымы Тәуелсіздік күнін атап өтті. Тәуелсіздіктің 32 жылдығын атап өту мақсатында орайластырылған салтанатты шарада атом саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, кәсіби қызметте жеткен жоғары нәтижелері үшін және тәуелсіздік күніне орай 16 қызметкер "Құрмет" грамотасымен және Алғыс хатпен марапатталды.

Сондай- ақ мерекеге орай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің марапатына 3 қызметкер ие болды.

Биыл егемен ел атанғанымызға 32 жыл толды. Яғни, 1991 жылы 16 желтоқсанда «Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Түркия бірінші болып Қазақстанда өз елшілігін ашты.

Бүгінде Қазақстан БҰҰ-ның толыққанды мүшесі, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуда. Ал ауқымды экономикалық және саяси реформалар еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыруда.