Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Технологияларды дамыту мақсатындағы іздестіру зерттеулеріне қатысты Институт қызметкерлері арасындағы конкурстың қорытындысы

Комиссия 6 өтінімді қарастыру нәтижелері бойынша Технологияларды дамыту мақсатындағы іздестіру зерттеулеріне қатысты конкурстың жеңімпазын анықтады. Конкурстың жеңімпазы «Қосымша құны жоғары сутегі және ілеспе өнімдерді ала отырып, ілеспе мұнай мен парниктік газдарды (ІМГ және ПГ) кәдеге жаратудың радиациялық-химиялық тәсілі технологиясын әзірлеу» жобасы бойынша «Радиациялық-химиялық процестер және перспективті технологиялар» зертханасының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы Мамытбеков Ғалымжан Құламқадырұлы болды.