АЭС құрылысы кезінде 8 мыңға дейін адам жұмыспен қамтамасыз етілсе, станцияны пайдалану кезінде тікелей 2 мыңға дейін жаңа жұмыс орны ашылады.
Бұл туралы 12 шілдеде Ақтөбе қаласында өткен жариялау талқылауда айтылды.
Талқылауға ҚР Энергетика министрлігі, ЯФИ, «ҚАЕС» ЖШС, ҰЯО өкілдері, облыс тұрғындары, қоғам қайраткерлері, экологтар қатысты.
Жария талқылау барысында бас директор Саябек Сахиев Ядролық физика институты атом саласы үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын және еліміздің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудағы орасан зор тәжірибесіне тоқталды.
ЯФИ атом электр станциясы үшін болашақ кадрларды дайындау бойынша өте үлкен тәжірибеге және инфрақұрылымға ие, атап айтқанда, бұл стационарлық зерттеу реакторы, критикалық стенд, әртүрлі типтегі үдеткіштер, сонымен қатар Институт базасында АЭХА қолдауымен атом саласы үшін кадрларды даярлауға арналған үш оқу орталығы жұмыс істейді. Институт базасында Қазақстан Республикасының атом саласы үшін 300 кандидат және ғылым докторлары даярланды.