Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Тараз қаласында АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылаулар өтті

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында 18 маусымда Тараз қаласында Жамбыл облысы Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен көпшілік талқылау өтті.

Жария талқылауға өңір тұрғындары, жергілікті Қоғамдық кеңестің, ардагерлер кеңесінің мүшелері, ҚР Энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, облыстық және қалалық мәслихаттар, ҮЕҰ, шағын, орта және ірі бизнес, БАҚ өкілдері, жергілікті белсенділер, энергетиктер, жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылары мен ғалымдары, саяси партиялар мен этномәдени бірлестіктер филиалдарының басшылары және т.б. қатысты.

Спикерлер қатарында Институт бас директоры Саябек Сахиев, ҚР Энергетика министрлігі, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС өкілдері болды. Спикерлер қазіргі уақытта Қазақстанның энергетика секторындағы басым бағыттардың бірі атом энергетикасын дамыту болып табылатынын атап өтті. Қазақстанда АЭС салу ел экономикасын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті әртараптандыруға, ғылымды дамытуға және заманауи технологияларды енгізуге, қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларын азайту есебінен экологиялық жүктемені төмендетуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және атом саласының кадрлық әлеуетін дамытуға және т.б. мүмкіндік береді. Сонымен қатар елде шикізат және өндірістік ресурстар атом энергетикасын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайтыны атап өтілді.