30 шілде күні Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев Қызылордаға сапары аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті.
Кездесу барысында Институт бас директоры Сыр өңірінің басшысын АЭС салу бойынша жария талқылаулар, сонымен қатар Ядролық физика институтында атқарылып жатқан ғылыми-өндірістік жұмыстар барысымен таныстырды.
Қызылорда өңіріне ПЭТ-КТ орнату және онкологиялық аурухананы бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томографиямен жабдықтау мәселелері талқыланып, ядролық медицина әдістерін қолдану арқылы облыстағы онкологиялық науқастарға медициналық көмекті жақсарту сұрақтары қарастырылды. Аймақ басшысына Қазақстан республикасында өндіріліп жатқан радиофармпрепараттардың 90% Ядролық физика институтында өндірілетіні жайлы айтылып, соның негізінде жақын болашақта радиофармпрепараттарды Сыр өңіріне жеткізу сұрақтары пысықталды.