28.10.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірыңғай жедел желінің құрылғандығы туралы ақпарат
Егер сіз, «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызметінде мынадай мән-жайлардың куәгері немесе құрбаны болдым деп ойласаңыз:
- дайындалып жатқан немесе орын алған сыбайлас жемқорлық туралы;
- алаяқтық және ұрлау дерегі туралы;
- бақылау (қадағалау), сатып алу рәсімдері кезіндегі бұзушылықтар туралы;
- лауазымды тұлғалардың қызмет бабын теріс пайдалану және өкілеттігін асыра қолдану туралы;
- Кәсіпорында материалдық шығын келтіретін немесе келтіруі мүмкін, сондай-ақ іскерлік беделіне зиян келтіретін жасалған басқа әрекеттер туралы мәлім болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің hotline@atom.gov.kz электрондық поштасына жаза аласыз. Өтініштің құпиялылығына кепілдік беріледі.
Анонимді өтініштер ҚР заңдылықтарына сәйкес қаралады.
Жалған мәліметтерді таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабында жауапкершілік көзделгеніне назар аударамыз!