Егер сіз, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызметінде мынадай мән-жайлардың куәгері немесе құрбаны болдым деп ойласаңыз:
дайындалып жатқан немесе орын алған сыбайлас жемқорлық туралы;
алаяқтық және ұрлау дерегі туралы;
бақылау (қадағалау), сатып алу рәсімдері кезіндегі бұзушылықтар туралы;
лауазымды тұлғалардың қызмет бабын теріс пайдалану және өкілеттігін асыра қолдану туралы;
Кәсіпорында материалдық шығын келтіретін немесе келтіруі мүмкін, сондай-ақ іскерлік беделіне зиян келтіретін жасалған басқа әрекеттер туралы мәлім болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің antikor@energo.gov.kz электрондық поштасына жаза аласыз. Өтініштің құпиялылығына кепілдік беріледі. Анонимді өтініштер ҚР заңдылықтарына сәйкес қаралады.
Жалған мәліметтерді таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабында жауапкершілік көзделгеніне назар аударамыз!