Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

«Stakeholder Engagement for a Nuclear Power Programme» ұлттық семинары өтті

Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік пен атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық аясында Астана қаласында «Stakeholder Engagement for a Nuclear Power Programme» ұлттық семинары өтті.

Аталған семинар Қазақстанның ядролық бағдарламасын дамытуға қатысатын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, ҚР ҰЯО, ҚАЭС ЖШС және т.б мүдделі тараптарды бір алаңда біріктірді. Ядролық физика институтынан семинар жұмысына Институт баспасөз хатшысы Аида Мұхтар қатысты.

Үш күндік бағдарлама аясында атом энергетикасын құру жобасын дамытудың, халықпен, әлеуметтік топтармен және қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен әріптестік орнату бойынша өзара іс-қимыл жоспарларын әзірлеу талқыланды. Сала үшін негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау процестеріне мүдделі тараптарды тарту стратегиясын дайындау, мүдделі тараптарды анықтау тақырыптарын ашатын АЭХА сарапшыларының дәрістері мен практикалық жұмыстарды қамтыды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар яғни Энергетика министрлігі ядролық — энергетикалық бағдарламаларды құру кезінде туындайтын ең үлкен міндеттердің бірі — басты мүдделі тараптарды, оның ішінде халықтың қолдауы мен ақпараттандырылуы басты назарда екенін атап өтті.