Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Спартакиада ойындары қорытындыланды

Ядролық физика институтында 10-17 мамыр аралығында өткен спартакиада мәресіне жетті. Үздік деп танылған командалар мен жекелеген спортшылар марапатталып, жарыс қорытындыланды. Жалпы спартакиада қорытындысы бойынша футбол ойынынан жүлделі 3-орынды ССР-Қ зерттеу реакторының құрама командасы иеленді. 2-орынды физикалық корпус-1, ал 1-орынды №1 арнайы әскери комендатура қанжығасына байлады.
Ерлер арасында өткен волейболдан 3-орынды физикалық қорғау құрама командасы, 2-орынды физикалық корпус иеленіп, үдеткіш техникасының ғылыми техникалық бөлімінің қызметкерлері үздік ойын өрнегін көрсетіп 1-орынды жеңіп алды. Ал, қыздар арасында өткен волейбол ойынының қорытындысы бойынша ЯФИ құрамасы 2-орын, №7 жалпы білім беретін мектептің қыздар командасы 1-орынды иеленді. Жеңімпаз командалар Кәсіподақ комитетінің кубогымен және қаржылай сыйлықпен, ал жүлделі орындар алған құрамалар алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, апталық спартакиадада төрелік еткен үшін С. Кислицин, Д. Джансейтов және А. Эдомскиге арнайы алғыс хат табыс етілді.
Айта кетсек, жалпы спартакиадаға екі ойын түрінен 9 құрама команда бойынша 100-ге жуық қатысушы қатысты. Сондай-ақ биыл алғаш рет спартакиадаға мектеп оқушылары қатысты.
Сондай-ақ,Кәсіподақ комитеті барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреді, оның ішінде спартакиаданы ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін Отарбаев Рүстемге ерекше алғыс айтады.