Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

Skoltech: қазақстандық делегацияның жұмыс сапары

Қазақстан делегациясының құрамында Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев Массачусетс технологиялық институтымен (MIT) әріптестік негізінде құрылған заманауи зерттеу университеті — Сколково ғылым және технологиялар институтына (Skoltech, Мәскеу қаласы) жұмыс сапарымен барды.

Кездесу барысында бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту перспективалары, сондай-ақ жоғары технологиялық салалар үшін жоғары білікті мамандар даярлау мәселелері талқыланды. Делегация «Фаблаб және Шеберхана» ұжымдық пайдалану орталығының, Фотоника және фотондық технологиялар орталығының, Энергетикалық технологиялар орталығының және Жасанды интеллект орталығының инфрақұрылымымен және қолданбалы әзірлемелерімен танысты. Аталған орталықтар жаңа буындағы технологиялық шешімдердің экожүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Университетте қазіргі таңда Skoltech-те 1208 студент білім алуда, 142 профессор еңбек етеді және 14 магистрлік бағдарлама жүзеге асырылуда.