Жаңалықтар

Жаңалықтар, оқиғалар, хабарландырулар

АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркин жұмыс сапарымен Институт жұмысымен танысты

Бүгін Ядролық физика институтына АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Мишель Еркін және АҚШ Энергетика министрлігінің Қазақстандағы кеңсе директоры Констанс МакАнинч жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында қонақтар Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығына, ССР-Қ ғылыми-зерттеу реакторына, Ядролық криминалистика орталығының болашақ ғимаратына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен АҚШ Энергетика министрліктері және Канада Сыртқы істер министрлігінің ынтымақтастығы шеңберінде құрылған иондаушы сәулеленудің пайдаланылған көздеріне арналған қоймаға барды.

Бас директор Саябек Сахиев сөзінде Институт пен АҚШ Энергетика министрлігі бірнеше жылдар бойы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ынтымақтасып келе жатқанын атап өтті. Осы әріптестік шеңберінде физикалық қорғау жүйесін жаңғырту, ССР-Қ зерттеу реакторын конверсиялау, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығын ашу, сондай-ақ Ядролық криминалистика жөніндегі өңірлік орталықты құру сынды жобалар жүзеге асырылып келеді.