2023 жылдың 7 ақпанында Ядролық физика институтына Дэвид Фишман бастаған АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіпті азайту агенттігінің (DTRA) делегациясы келді. Екі тараптың жұмыс кездесуі АҚШ Қорғаныс министрлігінің «Жаһандық ядролық қауіпсіздік» қаупін азайту агенттігі бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауға арналды.
Кездесуде, Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев Қазақстандағы атом саласын дамыту перспективалары туралы, ИЯФ-тың CERN, БЯЗИ cекілді 30-дан астам халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы және алдағы жылдары іске асырылатын мегасайнс жобаларды таныстырды.
Кездесу барысында ЯФИ базасында ядролық криминалистиканың Өңірлік орталығын құруды қолдау, реактордың физикалық қорғау жүйесін жаңғырту, радионуклид көздерін сақтау қоймасының физикалық қорғау жүйесін жаңғырту (РҚКП физикалық қорғау жүйесін күшейту) және 3 ғимараттан тұратын қонақ үй құрылысын қолдау бойынша ынтымақтастық мүмкіндігі туралы мәселе қаралды.
Сондай-ақ, ядролық қауіпсіздік оқу орталығын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Орталық бастығы Наталья Измайлова 2022 жылы ОАУБ қызметінің қорытындысын және 2023 жылға арналған даму жоспарын ұсынды.